Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (2)

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Ілмектер: ас, тамақ, арпа, бидай

Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Ілмектер: соқыр, тауық, бидай

Алда – бидай,
Арпадан арпа өседі.

Ілмектер: арпа, бидай, парсы мақалы

Досыңа арпа алып келсең,
Бидай алып қайт.

Ілмектер: дос, парсы мақалы, арпа, бидай

Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.

Ілмектер: бидай, арпа, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бидай арқасында қарамық та су ішеді.

Ілмектер: бидай, су

Қара жерден аппақ бидай өнеді.

Ілмектер: қара, ақ, бидай, жер

Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, арпа, бидай

Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?

Ілмектер: қарақалпақ мақалы, бидай, нан, сөз

Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол,
Жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол.

Ілмектер: дән, бидай, жаман, ел

Бидайдың барар жері — диірмен.

Ілмектер: бидай, диірмен, қырғыз мақалы

Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.

Ілмектер: дәлел, мағына, тәлім, уыс, дән, бидай, қасиет, мәлім

Арпа, бидай ас болар.

Ілмектер: арпа, бидай, ас

Бидай егіп, арпа ормас болар.

Ілмектер: бидай, арпа

Бидай көрсетіп, арпа сатады.

Ілмектер: бидай, сауда, саудагер, арпа

Арпа егіп, бидай оруға бола ма?

Ілмектер: арпа, егу, бидай

Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.

Ілмектер: сараң, сараңдық, бидай, сортаң

Бидай – қырда,
Күріш – Сырда.
Жемістердің ғажабы –
Жетісуда.

Ілмектер: күріш, бидай, жеміс