Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (28)

Елдің даңқын қонағы шығарар,
Жердің даңқын бұлағы шығарар.

Ілмектер: даңқ, қонақ

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.

Ілмектер: ата, қыз, даңқ, мата

Даңқ қуған далама қалады,
Мақтан қуған масқара болады.

Ілмектер: даңқ, мақтан

Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.

Ілмектер: ел, даңқ, батыр

Батырды өлтірерсің,
Ал даңқын қайтерсің?

Ілмектер: батыр, даңқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сараңның даңқы шықпас.

Ілмектер: сараң, даңқ

Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.

Ілмектер: жалғыздық, ат, шаң, ер, даңқ

Бақылдың даңқы шықпайды.

Ілмектер: даңқ, бақыл