Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (52) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (60)

Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.

Ілмектер: достық, дұшпандық

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Ілмектер: достық, дұшпандық

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.

Ілмектер: достық, дұшпандық, қазақ мақалы

Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.

Ілмектер: достық

Досың сүйінсін,
Дұшпаның күйінсін.

Ілмектер: достық, дұшпандық

Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.

Ілмектер: достық, жастық, қымбат

Итіңнің дос болғаны қандай жақсы,
досыңның ит болғаны қандай жаман!

Ілмектер: Достық, иттік

Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.

Ілмектер: достық, махаббат, өмір

Ұшқын — өртке сеп,
Достық — дертке сеп.

Ілмектер: достық

Сыйласу екі кісіге бірдей.

Ілмектер: достық

Қарау
Қара басының қамын ойлайды.

Ілмектер: достық

Дәмді болса достық қымбат,
Мәнді болса жастық қымбат.

Ілмектер: дос, достық, жастық

Саудада достық жоқ.

Ілмектер: сауда, кедейлік, байлық, достық

Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.

Ілмектер: ит.жануар, достық

Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.

Ілмектер: достық

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ілмектер: Достық, қазақ мақалы

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Ілмектер: достық, дұшпандық

Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, достық

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, туған

Дос бергенінің түсіне қарама.

Ілмектер: дос, достық