Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (7) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (4)

Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.

Ілмектер: еріншек, еңбек

Ертең-ертең деумен,
Еріншек өлер.
Көрінгенге жем болып
Көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, көңілшек

Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.

Ілмектер: еріншек, жігіт, төрт түлік мал

Еріншекке есік пен төр —
Екі күндік жер.

Ілмектер: еріншек

Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Ілмектер: еріншек

Не еріншек өлер,
Не келіншек өлер.

Ілмектер: еріншек, келіншек

Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.

Ілмектер: адам, еріншек

Жабайы шөп егінді аздырар,
Еріншектік ерді аздырар.

Ілмектер: еріншек, еріншектік

Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.

Ілмектер: ақыл, еріншек

Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады.

Ілмектер: егіншілік, еріншек

Еріншектің егіні піспес.

Ілмектер: еріншек

Еріншектің күні есінеумен өтеді.

Ілмектер: еңбек, кәсіп, еріншек, жалқау

Еріншектің ісі екі.

Ілмектер: еріншек, жалқау

Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.

Ілмектер: жаман, еріншек, кедей, жалқау, жалқаулық, жігіт

Еріншектен мізбақпас туады.

Ілмектер: еріншек, мізбақпас, жалқау, жалқаулық

Алма піс, аузыма түс.

Ілмектер: Алма, жалқау, жалқаулық, еріншек

Еріншек екпінді болмас.

Ілмектер: еріншек, жалқау

Еріншекке бүгіннен ертең оңай.

Ілмектер: еріншек, жалқау, бүгін, ертең

Еңбексіз жалқау еріншек,
Көрінгеннен тілемсек.

Ілмектер: еңбек, жалқау, еріншек

Жалқау дәлелшіл келеді,
Жасқаншақ жыламсақ келеді.

Ілмектер: жалқау, еріншек, жасқаншақ, еңбек