Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (101) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Ілмектер: мал, жануар, қазақ мақалы

Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.

Ілмектер: құс, жануар

Қағынан жеріген құлан
Қаңғырып жүріп шөлден өлер.

Ілмектер: жануар

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан түңіл.

Ілмектер: жануар

Түлкі жатарында
Жер таңдамайды.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі

Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.

Ілмектер: жер, жау, жануар

Түлкінің алдағанынан,
Арыстанның талағаны артық.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі, арыстан

Түлкі құрсақ ұйықта,
Сергек оян, бұйықпа.

Ілмектер: жануар, түлкі

Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.

Ілмектер: бөрі, жануар

Аш иттің құйрығын
Сұқ ит жалайды.

Ілмектер: ит, жануар

Иттің құны — бір күшік.

Ілмектер: ит, жануар

Иттің басын алтын табаққа салсаң
Шоршып түсер.

Ілмектер: ит, жануар

Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.

Ілмектер: ит, жануар, ұят

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ілмектер: ит, бөрі, жануар

Ит те киімге қарап үреді.

Ілмектер: ит, киім, жануар

Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас.

Ілмектер: ит, су, жануар

Итке темір не керек?

Ілмектер: ит, жануар

Көп жортқан ит
Күшәлаға кездеседі.

Ілмектер: ит, жануар

Ит баласы жүре азар.

Ілмектер: ит, жануар

Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды.

Ілмектер: ит, жылан, жануар