Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (2) Әзіл, анекдоттар (4)

Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың.

Ілмектер: келін, жақсы, күйеу

Күнде келсе, күйеу жаман,
Жымысқы болса, жиен жаман.

Ілмектер: туыс, туған, күйеу, жиен

Ыржық қызға — тыржық күйеу.

Ілмектер: қыз, күйеу

Қалыңдығына өкпелеген күйеу,
Қайнысына сәлем бермейді.

Ілмектер: өкпе, күйеу, қайын

Қызғаншақтың қызы
Күйеусіз қалады.

Ілмектер: қызғаншақ, қыз, күйеу

Күйеу — жолдасымен,
Қыз — жасауымен.

Ілмектер: күйеу, қыз, жасау

Күйеу – жүз жылдық,
Құда – мың жылдық.

Ілмектер: күйеу, құда

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Ілмектер: келін, күйеу, ұл, қыз, отбасы, туыс, жанұя

Жаман айғыр үйірсек,
Жаман күйеу қайынсақ.

Ілмектер: жаман, күйеу, айғыр

Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.

Ілмектер: сұлу, әйел, қарауыл, күйеу

Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.

Ілмектер: күйеу, асығу, әйел, үй

Күйеуге бармай қыз тыншымайды.

Ілмектер: күйеу, қыз, қырғыз мақалы

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Ілмектер: күйеу, қыз, бесін, күн