Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (8)

Жаман мерген киік атқан жеріне
Үш рет оралар.

Ілмектер: жаман, мерген

Мерген — қорғаныста тіреніш,
Шабуылда сүйеніш.

Ілмектер: мерген

Мергеннің
Көзі де мерген,
Қолы да мерген.

Ілмектер: мерген

Айдындағы аққуды
Ақылды мерген атпайды,
Ақ еркесін айдынның
Атуға қолы батпайды.

Ілмектер: мерген, ақыл, аққу

Жаңылмайтын мерген – жаңбыр.

Ілмектер: мерген

Көк байталға мінген сергексиді,
Көгершінді ілген мергенсиді.

Ілмектер: мерген, көгершін

Алары болар бергеннің,
Атқаны – олжа мергеннің.

Ілмектер: мерген, қырғыз мақалы, олжа

Епсіз мерген құрды атады,
Қарайған қырды атады.

Ілмектер: ептілік, мерген, қырғыз мақалы