Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (83) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (229)

Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.

Ілмектер: адал, еңбек, ой, дос

Ақыл — арман, ой — өріс.

Ілмектер: ақыл, ой

Ақыл –дария,
Ой – теңіз.

Ілмектер: ақыл, ой

Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.

Ілмектер: аш, ой, тамақ

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ілмектер: ана, бала, ой

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.

Ілмектер: тіл, ой

Жақсының күнде
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.

Ілмектер: жақсы, жаман, ой

Кең ойлаған,
Кем ойламас.

Ілмектер: ой

Ой ойласаң, кең ойла,
Алды, артын тең ойла.

Ілмектер: ой

Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.

Ілмектер: ой

Саналымен санаспа,
Санасызбен жанаспа.

Ілмектер: сана, ой

Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.

Ілмектер: ой, су

Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.

Ілмектер: ой

Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.

Ілмектер: ой

Ұлы адамның ойында
Ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында
Алтын, күміс жүреді.

Ілмектер: адам, ой

Көптің ойы — кемеңгер.

Ілмектер: ой

Күш-қуатым барда
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.

Ілмектер: ақыл, ой

Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.

Ілмектер: ой

Заманына қарай киімі,
Зердесіне қарай түйіні.

Ілмектер: заман, зерде, ой, ақыл

Ойнап айтса да ойындағысын айтады.

Ілмектер: айту, ой