Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (68) Өлеңдер (74) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (53)

Шөлде суыңды сақта,
Соғыста туыңды сақта.

Ілмектер: соғыс, батырлық

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.

Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын

Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.

Ілмектер: қыз, әйел, соғыс, жау

Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,
Қырағы қыран көзіне сенеді.

Ілмектер: сенім, жолдас, күзет, соғыс

Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.

Ілмектер: алыс, дос, жау, соғыс

Қараңғы түнде құлағыңды түр,
Аңдысқан жаудыбұрын біл.

Ілмектер: жау, қараңғы, соғыс

Шалғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.

Ілмектер: жау, алдау, соғыс

Шалғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.

Ілмектер: жау, соғыс

Үргедек өзіне сенбейді,
Барлауда болса, көзіне сенбейді.

Ілмектер: үргедек, барлау, соғыс

Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.

Ілмектер: үргедек, соғыс, жан

Қорқақ қол бастамас.

Ілмектер: қорқақ, соғыс

Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.

Ілмектер: қорқақ, ой, соғыс

Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.

Ілмектер: қорқақ, кесір, соғыс

Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.

Ілмектер: ар, адам, барлау, соғыс

Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.

Ілмектер: қорқақ, жолдас, соғыс

Қорқып өмір сүргенің құрсын,
Қатарда босқа жүргенің құрсын.

Ілмектер: қорқу, өмір, соғыс

Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.

Ілмектер: жау, қару, соғыс

Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.

Ілмектер: қару, соғыс

Бесатар белдескенде не керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.

Ілмектер: жау, соғыс

Пулемет қонысын талғайды,
Автомат адамын талғайды.

Ілмектер: автомат, пулемет, соғыс