Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (74) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (27) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр

Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.

Ілмектер: жаман, сыр

Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.

Ілмектер: сыр, сақтық

Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.

Ілмектер: сабыр, сыр

Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, сыр, адам

Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.

Ілмектер: адам, сыр

Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.

Ілмектер: адам, сыр

Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр

Дұспанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.

Ілмектер: дұшпан, сыр

Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.

Ілмектер: шын, сыр

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан, ерлік, батырлық

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ілмектер: дос, сыр, достық, дұшпан, өтірік

Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.

Ілмектер: ауыз, сыр, төр, есік, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

Ілмектер: сыр, көз.көңіл

Жауыңа жаныңды бер, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан

Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.

Ілмектер: ақымақ, сыр, шындық

Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.

Ілмектер: жау, дос, сыр, ауған мақалы

Сырыңды айтпа досыңа,
Достың да досы болады,
О да айтар досына.

Ілмектер: дос, сыр

Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры төркініне мәлім.

Ілмектер: қыз, төркін, сыр, қырғыз мақалы

Жау сырын жау білер.

Ілмектер: жау, сыр, қырғыз мақалы