Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (6)

Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.

Ілмектер: сұңқар, қарға

Кептер кептермен табысса,
Сұңқар сұңқармен алысады.

Ілмектер: құс, кептер, сұңқар, парсы мақалы

Шымшықтан сұңқардың батылдығын күтпе.

Ілмектер: құс, шымшық, парсы мақалы, батылдық, сұңқар

Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.

Ілмектер: шыдам, құс, лашын, сұңқар

Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.

Ілмектер: жаман, жақсы, сұңқар, құс, қырғыз мақалы

Еркек бала сұңқар болсын,
Сұңқар болмаса бордай солсын.

Ілмектер: еркек, бала, сұңқар, қырғыз мақалы

Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.

Ілмектер: бақыт, жапалақ, сұңқар