Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (5)

Талайлымен таласпа.

Ілмектер: талас, таласу

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау

Саусақтар да сақинаға таласады.

Ілмектер: саусақ, талас, сақина, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Алыптармен алыспа,
Бектерменен таласпа.

Ілмектер: алып, бек, талас

Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.

Ілмектер: қаз, құс, қарға, талас

Ол тағдыр шеңберінен таласып өткен.

Ілмектер: тағдыр, талас

Таз тақиясымен таласар.

Ілмектер: талас, қырғыз мақалы, тақия, таз

Ұрысса да — өз жақсы,
Таласса да — өз жақсы.

Ілмектер: ұрыс, талас, қырғыз мақалы

Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты.

Ілмектер: бай, талас, тышқан, қырғыз мақалы

Пікір таласы — шындық анасы.

Ілмектер: пікір, талас