Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (2) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (6)

Татулыққа не жетсін?!
Тәуекелден не кетсін?!

Ілмектер: татулық, тәуекел

Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін,
Ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.

Ілмектер: татулық, туыс

Тату үйдің тамағы тәтті.

Ілмектер: тамақ, татулық, үй

Ынтымақты үйдің бағы бар,
Ынтымақ кетті, бақ кетті.

Ілмектер: ынтымақ, татулық

Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.

Ілмектер: құрдас, дос, достық, бота, ынтымақ, татулық

Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, татулық

Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.

Ілмектер: ағайын, туыс, татулық, ынтымақ

Татулық - байлық.

Ілмектер: татулық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.

Ілмектер: татулық, ащы, бал, тұз

Татулықта табыс мол.

Ілмектер: татулық, табыс, ынтымақ, бірлік

Көпшіліктің қолы ұзын.

Ілмектер: көпшілік, ынтымақ, татулық

Тату болсаң досыңмен,
Берерсің төтеп дұшпанға.

Ілмектер: татулық, дос, дұшпан, парсы мақалы

Су мен отта
Татулық жоқ.

Ілмектер: су, от, татулық, парсы мақалы

Тырнақ пен тістің етіндей,
Татулықта түйткүл жоқ.

Ілмектер: тырнақ, тіс, татулық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.

Ілмектер: татулық, араздық, ана, ата

Ынтымақ - ой өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Ілмектер: ынтымақ, татулық

Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Ілмектер: ынтымақ, сауыт, татулық, бірлік

Ауыл иті бөріні көрсе, жарасар.

Ілмектер: ауыл, бөрі, ит, татулық

Татулық - табылмас бақыт.

Ілмектер: татулық, бақыт