Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (35) Өлеңдер (10) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (3)

Құданың түйесін сұра, қорыққанынан биесін берер.

Ілмектер: құда, түйе, бие

Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

Ілмектер: жылқы, түйе, төрт түлік мал

Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

Ілмектер: ат, жылқы, түйе, төрт түлік мал

Түйе қашып, жүктен кете алмас.

Ілмектер: түйе, жүк, төрт түлік мал

Түйе өлген жерде жүк қалады.

Ілмектер: түйе, жүк, төрт түлік мал

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Ілмектер: нәсіп, арам, адал, ешкі, түйе

Досыңнан түйе сұрасаң,
Ұялғанынан бие берер.

Ілмектер: дос, түйе, бие

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Ілмектер: төркін, қыз, түйе, отбасы, туыс, жанұя

Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.

Ілмектер: түйе, сиыр, жылқы, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Түйе байлық, жылқы мырзалық.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, түйе, жылқы

Жебір түйе жабуын жер.

Ілмектер: түйе, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Түйенің танығаны жапырақ.

Ілмектер: түйе, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Әр түйенің өз шешуі бар.
Барақыш1 та балтырдан алады.

Барақыш – иттің аты.

Ілмектер: түйе, ит, Араб мақал-мәтелдері

Атан-түйе ойнаса жұт болады.

Ілмектер: жұт, түйе

Түйе - шудасын,
Жылқы - жалын,
Сиыр - мүйізін төсейді.

Ілмектер: жал, шуда, мүйіз, төрт түлік мал, түйе, жылқы, сиыр

Ат - биеден, аруана - түйеден.

Ілмектер: ат, бие, түйе, төрт түлік мал, аруана

Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.

Ілмектер: түйе, адам, парсы мақалы

Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.

Ілмектер: түйе, бура, сөз, жақсы

Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.

Ілмектер: түйе, лақ, төрт түлік мал, дау

Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.

Ілмектер: қажы, өлім, түйе, парсы мақалы