Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (80) Өлеңдер (24) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (28) Ұлағатты сөздер (7) Әзіл, анекдоттар (2)

Айлалы түлкі алдырмас.

Ілмектер: айла, түлкі

Түлкі жатарында
Жер таңдамайды.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі

Түлкінің алдағанынан,
Арыстанның талағаны артық.

Ілмектер: аң, жануар, түлкі, арыстан

Түлкі құрсақ ұйықта,
Сергек оян, бұйықпа.

Ілмектер: жануар, түлкі

Түлкі түсінде
Тауық көреді.

Ілмектер: түлкі, жануар, түс

Түлкіні түн асырайды.

Ілмектер: түн, түлкі

Түлкінің қызылдығы өзіне сор.

Ілмектер: түлкі, қызыл, сор

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, түлкі

Түлкі түгінен жазар,
Бай малынан жазар.

Ілмектер: түлкі, бай

Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.

Ілмектер: түлкі, құйрық, ажал, парсы мақалы

Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.

Ілмектер: қайғы, кісі, ит, түлкі

Түлкінің ақыр тоқтайтыны - ішік сатушы дүкенде.

Ілмектер: түлкі, ішік, дүкен

Арыстан болсаң жау үшін,
Түлкідей болсын әдісің.

Ілмектер: арыстан, түлкі, әдіс, жау

Арыстандай күшің болса,
Түлкідей әдісің болсын.

Ілмектер: арыстан, түлкі, әдіс

Елде түлкі аштан өлмес.

Ілмектер: ел, түлкі

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Ілмектер: арыстан, түлкі, күлкі, парсы мақалы

Жүйрік тазыны түлкі ғана жек көрер.

Ілмектер: жүйрік, таз, түлкі, жек көру

Бір түлкінің терісін екі рет сыдырмайды.

Ілмектер: түлкі, тері

Ініне қарап үрген түлкі түрінен айрылады.

Ілмектер: ін, түлкі

Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.

Ілмектер: түлкі, күлкі, қырғыз мақалы