Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (21)

Нар тәуекел — ер ісі.

Ілмектер: тәуекел, ер

Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.

Ілмектер: жақсы, тәуекел

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.

Ілмектер: тәуекел, көңіл, жара, сөз, тіл

Тәуекелдің түбі — игі.

Ілмектер: тәуекел

Ер жолдасы — тәуекел.

Ілмектер: ер, тәуекел

Тәуекел тау жығар.

Ілмектер: тәуекел

Тәуекелдің кемесі
Суға салса, батпайды.

Ілмектер: тәуекел

Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ілмектер: тәуекел, ажал

Тәуекелдің нары күшті.

Ілмектер: тәуекел

Татулыққа не жетсін?!
Тәуекелден не кетсін?!

Ілмектер: татулық, тәуекел

Тәуекел тас жарады,
Таяқ бас жарады.

Ілмектер: тәуекел

Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,
Қас наданның белгісі.
Тәуекел жоқ, талап жоқ —
Оңбайтұғын — ез кісі.

Ілмектер: тәуекел, талап

Уайым түбі теңіз,
Батасың да кетесің.
Тәуекел түбі қайық,
Мінесің де өтесің.

Ілмектер: уайым, тәуекел

Тәуекелдің тауы - бір құдай.

Ілмектер: тәуекел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тәуекелшіл тайынбайды.

Ілмектер: тәуекел

Тәуекелдің ісі - игі.

Ілмектер: тәуекел

Тәуекел дариясына сал кеме,
Ия, шықсын - иә, шықпасынқам жеме.

Ілмектер: тәуекел, кеме