Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (6) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (5)

Ұстаны соққан пышағынан танисың.

Ілмектер: ұста, шебер

Болат біз қап түбінде қалмас.

Ілмектер: шебер

Шебердің қолы көпке ортақ.

Ілмектер: шебер

Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.

Ілмектер: өнер, шебер

Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.

Ілмектер: шебер, қол өнері, өнер

Кілең шебер жиналса,
Істері тез қызады,
Кілең олақ жиналса
Біткен істі бұзады.

Ілмектер: өнер, қол өнері, шебер

Шеберді саусағы асырайды.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері

Шеберді шеге қағысынан таны.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері

Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

Ілмектер: шебер, шешен, сөз, тіл

Шебердің бізі — ортақ,
Шешенің сөзі — ортақ.

Ілмектер: шебер, шешен, сөз

Қожамен көрші болсаң:
«Бер-бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр-көр» дейді.

Ілмектер: көрші, шебер

Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.

Ілмектер: ақыл, шебер

Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.

Ілмектер: шебер, батыр

Шешенің сөзі — мерген,
Шебердің көзі - мерген.

Ілмектер: шешен, шебер, өнер

Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.

Ілмектер: шебер, шешен, өнер

Шеберді үйрету – күйрету.

Ілмектер: шебер, үйрету, парсы мақалы

Нардтың тастары сәтті түсе берсе,
Бәрі де шебер ойыншы болар еді.

Ілмектер: шебер, ойыншы, парсы мақалы

Сөзге шебер,
Іске олақ.

Ілмектер: сөз, іс, шебер

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Ілмектер: шебер, тіл

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл