Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (57)

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Ілмектер: адам, қайғы

Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Ілмектер: адам, көл, қайғы

Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып, өртейтін.

Ілмектер: қайғы

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Ілмектер: мал, жан, қайғы

Өз басына іс түспеген,
Өзгенің қайғысын білмейді.

Ілмектер: іс, қайғы

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Ілмектер: жан, қайғы, денсаулық

Қайғы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады.

Ілмектер: денсаулық, қайғы

Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

Ілмектер: денсаулық, қайғы

Қайғысыз адам болмайды,
Қапысыз қадам болмайды.

Ілмектер: адам, қайғы

Қайғы басқан кісіге
Мамық төсек таспен тең.
Қайғысы жоқ кісіге
Екі аяғы атпен тең.

Ілмектер: қайғы, кісі, адам

Адамды қанағат аздырмайды,
Қайғы аздырады.

Ілмектер: адам, қайғы

Адам қайғысы — заман қайғысы.

Ілмектер: адам, қайғы

Қайырсыз адам болмаса да,
Қайғысыз адам болмас.

Ілмектер: қайғы, адам

Қайғың болса,
Досыңа бар.
Қарныңашса,
Қосыңа бар.

Ілмектер: дос, қайғы

Қайғысыз, қара суға семіреді.

Ілмектер: ас, тағам, қайғы

Қайғысыз — қара суға семіреді.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, қайғы, су

Рақат пен қайғы жолдас.

Ілмектер: рақат, қайғы, жолдас

Қайғының қандай екенін
Қайғырғанда білерсің.
Қарындастың қандай екенін
Айырылғанда білерсің.

Ілмектер: қайғы, қарындас

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.

Ілмектер: қайғы, адам, дүние

Мың қайғы,
Бір борышты өтемейді.

Ілмектер: қайғы, борыш