Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (6)

Ер қартайса, қазаншы болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.

Ілмектер: ер, қартаю

Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам, қартаю

Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, қартаю, мақтаншақтық

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Ілмектер: қартаю, жас, кәрілік

Адам өзінен кейінгілерді
Көріп қартаяды.

Ілмектер: қарттық, қартаю

Бүркіт қартайса — тышқаншыл.

Ілмектер: қарттық, қартаю, тышқан, бүркіт

Ат шаршағанын сезбейді,
Көсе қартайғанын сезбейді.

Ілмектер: ат, шаршау, қартаю, қырғыз мақалы