Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (35) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы

Қонақ келсе құт келер.

Ілмектер: қонақ, құт

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Ілмектер: қонақ, сынау

Қонағым, жүре тоярсың.

Ілмектер: қонақ

Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

Ілмектер: қонақ

Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Ілмектер: қонақ, бала, сыйламаған

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Ілмектер: қонақ, қой

Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.

Ілмектер: қонақ, құт, жұт

Қонағын сыйласа төрге шық дейді.

Ілмектер: қонақ, төр, сыйлау

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Ілмектер: қонақ, орын

Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

Ілмектер: қонақ, тамақ, шай

Тоқ қонақты сыйлау оңай.

Ілмектер: қонақ, сыйлау, тоқ

Жаман үйдің қонағы билейді.

Ілмектер: қонақ, жаман, үй

Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.

Ілмектер: қонақ

Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.

Ілмектер: қонақ, ұялу

Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.

Ілмектер: қонақ, ет, бет

Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.

Ілмектер: қонақ, ет, кет

Итті қонақ жараспас.

Ілмектер: ит, қонақ

Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.

Ілмектер: сыпайы қонақ, қонақ

Елдің даңқын қонағы шығарар,
Жердің даңқын бұлағы шығарар.

Ілмектер: даңқ, қонақ