Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (9)

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Ілмектер: жарлық, қорлық

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Ілмектер: қыз, бала, қорлық

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Ілмектер: адам, жігіт, қорлық

Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.

Ілмектер: қорлық

Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.

Ілмектер: сақтық, қорлық

Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.

Ілмектер: ел, ер, қорлық

Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, қорлық

Кімді қорласаң, содан зар тартарсың.

Ілмектер: қорлық, зар, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Асты қорлама құстырар,
Ерді қорлама тыштырар.

Ілмектер: ас, ер, қорлық

Ерді қорлама састырар,
Асты қорлама құстырар.

Ілмектер: құсу, қорлық, ер

Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.

Ілмектер: жігіт, өлім, қорлық

Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.

Ілмектер: ат, ер-тоқым, қорлық, сұрау