Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (5)

Жолдас болсаң қуға
Басыңды салар дуға.

Ілмектер: жолдас, қу

Қуды қу табады,
Шұқанақты су табады.

Ілмектер: қу, тәрбие, өнеге

Өте қу болсаң,
Мойныңнан асыларсың,
Өте момын болсаң,
Аяққа басыларсың.

Ілмектер: қу, өнеге, тәрбие

Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын айтар,
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын айтар.

Ілмектер: батыр, қу

Қудан —үйрен,
Сұмнан — жирен.

Ілмектер: қу, сұм

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал

Көп жортқан қу түлкі,
Қолға түспей қоймайды.

Ілмектер: түлкі, қу, қырғыз мақалы

Ақсұңқардың баласы алтау болар,
Бесеу болар, ішінде біреуі қу болар.
Қу ала алмаған жаманы
Құладынға қор болар.

Ілмектер: қор, қу

Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Қурамасаң, маған кел.

Ілмектер: бай, байлық, қу

Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.

Ілмектер: қойшы, құл, той, қу

Білім — байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.

Ілмектер: Білім, ұры, байлық, қу

Аю — аңғал,
Түлкі — айлакер.

Ілмектер: жануар, қу

Өзiнiң қасиетiн жасыратындай дәрежеде әлi ешкiм қу болған емес.

Ілмектер: қасиет, дәреже, қу Джон Локк