Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (24)

Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің.

Ілмектер: ізет, құрмет

Жақсыға құрмет
Жас-жаранға міндет.

Ілмектер: құрмет, мінез-құлық

Құрмет етсең,
Құрмет көрерсің.

Ілмектер: құрмет, өнеге, тәрбие

Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.

Ілмектер: құрмет, шаш, бас

Жасқа – қызмет,
Қартқа – құрмет.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық, қызмет, құрмет

Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.

Ілмектер: сый, құрмет, халық, қарт, ел

Ағайынды алқалап құрмет көрсет.

Ілмектер: ағайын, құрмет

Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.

Ілмектер: сый, құрмет, қанағат

Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

Ілмектер: ата, сыйлау, құрмет, тәрбие, өнеге, ие, ит, сүйек

Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.

Ілмектер: сый, құрмет, ит, сүйек, бала, сүю

Әркім сыйлағанның құлы.

Ілмектер: сый, құрмет, құл

Біліктіні білігі үшін сыйлайды.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сый, құрмет

Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.

Ілмектер: сый, құрмет, қарт, кәрі

Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.

Ілмектер: мақтау, сый, құрмет

Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.

Ілмектер: сый, құрмет, жорғалау

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Ілмектер: ана, ата, құрмет

Адам құрметіне бөленемін десең, өзің де құрметтей біл

Ілмектер: құрмет