Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (20)

Ұстаны соққан пышағынан танисың.

Ілмектер: ұста, шебер

Қазаншының өз еркі,
Қайдан құлақ шығарса.

Ілмектер: ұста

Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың.

Ілмектер: пәле, ұста, өнер

Жаман ұста жанынан.

Ілмектер: қол өнері, өнер, ұста

Әр шаһардың ұстасы
Өз пышағын мақтайды.

Ілмектер: шаһар, ұста, қол өнері, өнер

Ұстаның өрісі
Көрігінен төсіне дейін.

Ілмектер: ұста, қол өнері, өнер

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Ілмектер: ұста, ұстаз

Қолы ұста адамның
Қойнында алтын бар.

Ілмектер: ұста, тәрбие, өнеге

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Ілмектер: надан, ғалым, білім, ілім, ақымақ, әкім, ұста, өнер

Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ұста

Ұста, ұстадан нұсқа.

Ілмектер: ұста, өнер

Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.

Ілмектер: алтын, жер, ұста, жаман, өнер

Ұстамен жақын болсаң,
Мүйiз кесерiн аларсың,
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күнi кемесiн суға саларсың.

Ілмектер: ұста, дауыл, қайықшы, өнер

Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.

Ілмектер: білім, қағаз, ұста, өнер

Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.

Ілмектер: ұста, өнер

Көп көрген - нұсқа,
Көп істеген - ұста.

Ілмектер: ұста, өнер

Сынбасты ұста жасайды.

Ілмектер: ұста, қырғыз мақалы

Ұстаның қуаруын білгенше,
Темірдің суаруын біл.

Ілмектер: ұста, темір, қырғыз мақалы

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Ілмектер: ұста, пышақ, етік, етікші, өнер

Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.

Ілмектер: ұста, жақсы, сөз