Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (56) Өлеңдер (228) Жоспарлар (17) Ұлағатты сөздер (6)

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Ілмектер: Абай, қымбат, арзан, шындық, кәрілік Абай Құнанбайұлы

Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай.

Ілмектер: қазақ, өлең, Абай Мұхтар Әуезов

Абай - өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан.

Ілмектер: Абай, жұбату, өлең Шәкәрім Құдайбердіұлы

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

Ілмектер: қазақ, Абай, у, бал Асқар Сүлейменов

Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

Ілмектер: Абай, қазақ тілі, өлең Мұхтар Әуезов

Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».

Ілмектер: Абай, қазақ, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов