Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (42) Өлеңдер (141) Жоспарлар (5) Ұлағатты сөздер (13)

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ілмектер: қайрат, ақыл, жүрек Абай Құнанбайұлы

Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Ілмектер: еріншектік, талапсыздық Абай Құнанбайұлы

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Ілмектер: махаббат, ғашық Абай Құнанбайұлы

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ

Ілмектер: жастық Абай Құнанбайұлы

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Ілмектер: еңбек Абай Құнанбайұлы

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Ілмектер: еңбек, жалқаулық, қуаныш, азап Абай Құнанбайұлы

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау.

Ілмектер: Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Ілмектер: Абай, қымбат, арзан, шындық, кәрілік Абай Құнанбайұлы

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Ілмектер: ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз Абай Құнанбайұлы

Пайда ойлама, ар ойла

Ілмектер: пайда, ар-ұят Абай Құнанбайұлы

Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә,
Саған жар менен артық табылса да.

Ілмектер: Абай Құнанбайұлы, адам, нақыл Абай Құнанбайұлы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)