Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.

Ілмектер: сөз, пікір Наполеон Бонапарт

Сөздің ең ұлысы – тарих.

Ілмектер: тарих, сөз, дәйексөз Ахмет Байтұрсынұлы

Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

Ілмектер: сөз, зейін, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

Ілмектер: ақиқат, сөз, мақал Ахмет Байтұрсынұлы

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.

Ілмектер: бала, тіл, сөз, сөйлеу Мағжан Жұмабаев

Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.

Ілмектер: афоризм, қасиет, сөз, мағына Марк Твен

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Ілмектер: жігіт, сөз Әйтеке би

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені

Ілмектер: сөз, халық Сәбит Мұқанов

Сөз түсініксіз болса, суретке мән беремін. Сурет түсініксіз болса онда үнсіздікке риза боламын.

Ілмектер: сурет, үнсіздік, сөз Ансел Адамс

Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.

Ілмектер: өтірік, сөз Майкл Джексон

Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.

Ілмектер: сөз, мүмкін, ақымақ Наполеон Бонапарт

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.

Ілмектер: ел, сөз, адалдық, шешен Жамбыл Жабаев

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.

Ілмектер: өсиет, өсек, сөз Есей би Алдамұратұлы

Көп зат сөзсіз тауып айтылады.

Ілмектер: зат, сөз Михаил Лермонтов

Аз сөз алтын, салмағы сезіледі.

Ілмектер: сөз, алтын Уильям Шекспир

Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін.

Ілмектер: аз, көп, сөйлеу, сөз Жүсіп Баласағұни

Өтірік сөз - өрге баспайды

Ілмектер: өтірік, сөз Қорқыт ата

Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға «сіздікі, шамасы, дұрыс»- деңіз.

Ілмектер: дау, сөз, қарсылас Уинстон Черчилль

Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

Ілмектер: хақ, сөз Абай Құнанбайұлы