Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (41) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (399) Ұлағатты сөздер (152) Әзіл, анекдоттар (1)

Өтірік сөз - өрге баспайды

Ілмектер: өтірік, сөз Қорқыт ата

Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға «сіздікі, шамасы, дұрыс»- деңіз.

Ілмектер: дау, сөз, қарсылас Уинстон Черчилль

Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

Ілмектер: хақ, сөз Абай Құнанбайұлы

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?

Ілмектер: өтірік, сөз, жалған Авраам Линкольн

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Ілмектер: сөз, асыл сөз Базар Оңдасұлы

Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.

Ілмектер: ой, сөз, жақсы, іс Ыбырай Алтынсарин

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,
Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы

Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп.

Ілмектер: сөз, қалжың Иүгінеки Ахмед

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

Ілмектер: жаман, сөз Ғабит Мүсірепов

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Ілмектер: сөз, әдет, мінез, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,
Сөздері білімдардың қартаймайды.

Ілмектер: сөз, білімдар Иүгінеки Ахмед

Тіл мен жақтың көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Иүгінеки Ахмед

Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Көп сөйлеген сөз - арзан.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ақыл иесі - сөз иесі.

Ілмектер: ақыл, сөз Тоныкөк

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Ілмектер: сөз, жүрек, мұз, әдеп, дөрекілік Ілияс Есенберлин