Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (41) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (394) Ұлағатты сөздер (152) Әзіл, анекдоттар (1)

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Ілмектер: достық, сөз, іс, дос, пейіл Тоқсары

Қатты сөздер күшті дәлел бола алмайды.

Ілмектер: сөз, дәлел Василий Ключевский

Адам кейде өзінің сезімдеріне ие бола алмаса да, әрдайым аузына ие болуға тиіс.

Ілмектер: сезім, ие болу, ауыз, сөз Пьер Буаст

Егер айтатын сөзің болмаса, шындықты айт.

Ілмектер: шындық, сөз Марк Твен

Ең маңызды нәрсені сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Кейде өзіміздің сезіміміздің алдында ұялып, теріс айналып жатамыз. Себебі сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екендігін түсінеміз.

Ілмектер: сөз, сезім, ұят Стивен Кинг

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Бизнесте қатал немесе аз сөзді болғанша батыл, тіпті арсыз болған ұтымды.

Ілмектер: бизнес, сөз, батыл, ар, ұтымды Дональд Трамп

Біз бәріміз бір-бірімізден жетіспеушіліктерді байқай аламыз, алайда жақсы тұстарымыз туралы неге сөз қозғамаймыз.

Ілмектер: кемшілік, сөз Ник Вуйчич

Cөзбен келген төбелестің төресі.

Ілмектер: сөз, төбелес Александр Пушкин

Сүйеуі бардың - сөзі де басым.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім».

Ілмектер: тіл, кешірім, кешіру, сөз, әдемі Стивен Кинг

Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.

Ілмектер: сөз, қате, өкіну Саиф Сараи

Егер адамдар өздері туралы жақсы нәрсе айта алмаса, бөтен біреулер туралы жаман нәрсе айтады.

Ілмектер: адам, сөз, айту, жақсы, жаман Михаил Литвак

Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.

Ілмектер: сөз, мін, өсиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.

Ілмектер: білім, сөз Иүгінеки Ахмед

Әр сөздің өз ұяты бар.

Ілмектер: сөз, ұят Асқар Сүлейменов

Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.

Ілмектер: білім, сөз Иүгінеки Ахмед

Менің қол астымдағы министрлердің көп сөйлегені маңызды емес. Бастысы, менің айтқанымды бұлжытпай орындасын.

Ілмектер: сөз, сөйлеу Маргарет Тэтчер

Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген - жай сөз.

Ілмектер: дос, сөз Саиф Сараи

Қызыл сөзге салыну - қызған отқа қарылу.

Ілмектер: сөз Тоқсары