Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (41) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (155) Әзіл, анекдоттар (1)

Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Ілмектер: заман, сөз, ғаріп Асан қайғы

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Ілмектер: сөз, сын, жазушы, сыншы Ахмет Байтұрсынұлы

Әділ сөз ащы көрінер.

Ілмектер: әділдік, сөз Жүсіп Баласағұни

Ділмарлап сөйлеу — үлкен өнер, бірақ тоқтар уақытыңды білуің қажет.

Ілмектер: сөз, сөйлеу Волфганг Амадей Моцарт

Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң артық сөз қуыспау керек.

Ілмектер: туыс, сөз, туыстық Әйтеке би

Сөздің де уы бар.

Ілмектер: сөз, у Жүсіп Баласағұни

Көркем сөз - жанның сәулесі.

Ілмектер: сөз, көркем сөз Ғабит Мүсірепов

Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

Ілмектер: ой, сөз Ғабит Мүсірепов

Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің!

Ілмектер: көркем сөз, сөз Ғабит Мүсірепов

Көркем сөз суықта да өседі, ыстықта да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі. Тек ақ мамық төсекте өспейді, әлпештеген алақанда өспейді. Сынсыз өспейді, талас-тартыссыз өспейді.

Ілмектер: көркем сөз, сөз Ғабит Мүсірепов

Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында.

Ілмектер: сөз, ой Ғабит Мүсірепов

Көркем әдебиет деген – ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ.

Ілмектер: көркем әдебиет, сөз Ғабит Мүсірепов

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

Ілмектер: сөз, тіл, Иүгінеки, Есепті сөз, мылжың Иүгінеки Ахмед

Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.

Ілмектер: жауыз, сөз, серт, су Мұхтар Әуезов

Көркем сөздің сұлулығы: сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын!

Ілмектер: сөз, көркем сөз Ғабит Мүсірепов

Өткен ғасырдың өзінде түрік тілінің сөздік құрамының үштен екісі парсы сөздерінен тұрады.

Ілмектер: парсы тілі, түрік тілі, сөз Олжас Сүлейменов

Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.

Ілмектер: жаман, сөз, жұрт Ғабит Мүсірепов

7 сөздің басын әзер қосарға 70-ақ сөзден тұратын сөйлем тағылық көрінеді. Мұнысы дұрыс та: ешкі – танауына алма сыяр алпауыттың қарымын қайдан түсінсін.

Ілмектер: сөз, сөйлем Асқар Сүлейменов

Адамдар сөйлеуді жақсы көреді, бірақ айтқандарымен амал етуді, үйренген нәрселерімен тіршілік етуді тәрк етеді.

Ілмектер: сөз, іс, Өмір, Қоғам, бос сөз Сәләма бин Динар

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Ілмектер: әділдік, сөз, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи