Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.

Ілмектер: сөз, қателік, іс, нақыл, афоризм Дмитрий Иванович Писарев

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

Ілмектер: мін, сөз, тау, су Әйтеке би

Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие.

Ілмектер: ақыл, дарын, сөз, сөйлеу, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.

Ілмектер: табиғат, ауыз, сөз, нақыл, афоризм Сократ

Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Ілмектер: өмір, сөз, нақыл, афоризм Фариза Оңғарсынова

Аз сөздің салмағы басым болар.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм Уильям Шекспир

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Ілмектер: сөз, ақыл, іс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Қыңыр сөз – күйдіргі.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Жақсы мінез - жылы жүз, жылы сөз, жақсылық жасау және жамандық жасамаудан тұрады.

Ілмектер: Жақсы мінез, мінез, Жақсылық, сөз Хасан Басри

Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.

Ілмектер: сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Бір сөзге сабыр ете алмаған көп сөз есітеді.

Ілмектер: сөз, сабыр Ахнәф бин Қайс

Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлеп те сөзі өтер ме.

Ілмектер: жалғыз, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды.

Ілмектер: үлгі, сөз, мата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы.

Ілмектер: өлең, шындық, сөз, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Түркіні бұзар - тәтті сөз.

Ілмектер: сөз Білге қаған

Адамға адам, сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.

Ілмектер: адам, сөз, Ғабит Мүсірепов, жарық Ғабит Мүсірепов

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов

Қор болған сөз абыройды кетірер
Тиімді сөз дәреженді көтерер

Ілмектер: сөз Габпар Гүлхан

Ойлау мен сөйлеудің арасында біраз қашықтық бар.

Ілмектер: ойлау, ой, сөз, сөйлеу, қашықтық, нақыл, афоризм Артур Шопенгауэр