Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (14)

Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек

Ілмектер: адам, ажал, тіршілік, үміт, соққы, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек Жүсіпбек Аймауытов

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы

Өмір - самал, ажал - амал.

Ілмектер: өмір, ажал Тоқсары

Жақыңдап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да —
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: адам, үміт, өмір, ажал Бұқар жырау

Ақыл, ажар ажалға не қылады?

Ілмектер: ақыл, ажар, әдемілік, ажал, өлім Шәңгерей Бөкеев

Күнге де, ажалға да тік қарауға болмайды.

Ілмектер: күн, ажал Франсуа де Ларошфуко

Әлсіздерді ажал күтеді.

Ілмектер: әлсіз, ажал Адольф Гитлер

Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр.

Ілмектер: жау, ажал Шалкиіз Тіленшіұлы

Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.

Ілмектер: өмір, ажал, жастық, жастық шақ Бұқар жырау

Ажал жетпей - өлмек жоқ.

Ілмектер: ажал, өмір, нақыл, афоризм Қорқыт ата

Шірімес алтын жерде жатқанымен,
Оқ өтпес ажалсызға атқанымен.

Ілмектер: алтын, оқ, ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,
Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.

Ілмектер: өмір, туысқан, дәурен, ажал Төле би Әлібекұлы

Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: ажал, үміт, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ажал жетпей — жан шықпас.

Ілмектер: ажал, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау