Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (17)

Азамат жолы — ар жолы.

Ілмектер: ар, азамат Бауыржан Момышұлы

Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.

Ілмектер: бала, еңбекшіл, азамат Әзілхан Нұршайықов

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, азамат Әзілхан Нұршайықов

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Ілмектер: дәуір, тіл, адам, интеллигент, рухани, тәрбие, азамат Мұхтар Әуезов

Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.

Ілмектер: азамат, ер, қамшы Кенен Әзірбаев

Адал болмай азаматпын демегін.

Ілмектер: адал, азамат Бауыржан Момышұлы

Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.

Ілмектер: азамат, халық Жамбыл Жабаев

Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды.

Ілмектер: ерлік, азамат, жауынгер Оноре де Бальзак

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ілмектер: халық, жетім, дана, азамат, басшы Сырым Датұлы

Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.

Ілмектер: азамат, жастық, қарттық шақ, қарт Томас Фуллер

Адамға әсемдік сезімін дарытпайынша, одан нағыз азамат шығара алмайсыз.

Ілмектер: адам, сезім, әсемдік, азамат Рабиндранат Тагор

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.

Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров

Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан.

Ілмектер: арғымақ, садаға, туыс, азамат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ.

Ілмектер: азамат, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, физик, ақын, музыкант Жан-Жак Руссо