Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (19) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (8)

Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.

Ілмектер: арақ Қадыр Мырза Әли

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов

...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.

Ілмектер: уәде, адам, арақ, сыр Мигель де Сервантес

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы

Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады.

Ілмектер: арақ, абырой Антон Чехов

Мас адамға бәрі жөн.

Ілмектер: мас, арақ Александр Пушкин

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!

Ілмектер: өсиет, нақыл, арақ Жүсіп Баласағұни

Есіріп отырсаңдар ішіп арақ,
Итсіңдер иесіне үрген нағыз барақ.

Ілмектер: арақ, ит Тұрмағамбет Ізтілеуұлы