Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (124) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (64) Әзіл, анекдоттар (1)

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.

Ілмектер: жастық шақ, арман, сенім, болашақ, романтика, жоспар, лирика Назым Хикмет Ран

Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды.

Ілмектер: ойшыл, арман, мақсат, нақыл сөздер Виктор Гюго

Адамда өз арманының орындалуына керек нәрсенің барлығы бар.

Ілмектер: адам, арман Пауло Коэльо

Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп.

Ілмектер: арман, қорқыныш, сәтсіздік, кедергі Пауло Коэльо

Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.

Ілмектер: мақсат, арман Мұхтар Әуезов

Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам.

Ілмектер: арман, қоғам, үміт, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Жоспар — білімді адамдардың арманы.

Ілмектер: жоспар, арман, адам Эрнст фон Фейхтерслебен

Армансыз адам болмайды,
Қанатсыз құс ұшпайды.
Қағаз, қалам, жоспарсыз,
Арман, мақсат болмайды.

Ілмектер: Арман Нұрлыхан Сейтханов

Арманым азайған сайын, Құдайға жақындай түсемін.

Ілмектер: арман, нақыл, афоризм Сократ

Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.

Ілмектер: қыз, арман, ержүрек, адал, жігіт, махаббат Александр Куприн

Сонымен, армандаңыз. Әрбір армандаған сайын сіздің сол арманды қайтадан бастан өткеруге құқыңыз бен артықшылықтарыңыз бар.

Ілмектер: арман, нақыл, афоризм Эриксон Милтон

Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.

Ілмектер: күрес, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ілмектер: ақыл, ой, талап, сабыр, халық, арман, ар, өмір, сыйластық Төле би Әлібекұлы

Білімді жинау — жеткіліксіз, оны іс жүзінде пайдалану керек. Армандау — жеткіліксіз, әрекет ету керек.

Ілмектер: білім, арман, әрекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Арманды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам — мақсат қою.

Ілмектер: арман, мақсат, қадам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Энтони Роббинс

Барлық арман саған оларды жүзеге асыруға қажетті күшпен бірге келеді.

Ілмектер: арман, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ричард Бах

Уақыт машинасы әрқайсымызда бар: өткен шаққа — естелік, болашаққа — арман апарады.

Ілмектер: уақыт, машина, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өткен шақ, естелік, болашақ, арман Уэллс Герберт

Арманшыл өз арманынан күштiрек болуы керек.

Ілмектер: арман, күшті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Арманыңды жауларыңа тықпалап көр, мүмкін олар оны іске асыру барысында өліп кететін шығар.

Ілмектер: арман, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Станислав Ежи Лец

Армандаудың ұйқысы болғанша,
Жаһанданудың ұйытқысы бол!

Ілмектер: Али Динабеков, нақыл сөз, дана сөз, арман, армандау, жаһандану Али Динабеков