Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (55) Ұлағатты сөздер (12) Әзіл, анекдоттар (2)

Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Ілмектер: қызғаныш, құрт, ауру, азап, от Мұхтар Әуезов

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы

Бұл өмірде мені айналып өткен аурулар өте көп. Сондықтан мен өзімнің осы өміріме де ризамын.

Ілмектер: өмір, ауру, ризашылық Ник Вуйчич

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.

Ілмектер: ауру, ем, қырғыз мақалы, денсаулық

Сауыңда жүрмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, ауру Гораций

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.

Ілмектер: ауру, дене, денсаулық, рух Бернард Шоу

Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.

Ілмектер: қызғаныш, ауру, азап Мұхтар Әуезов

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Ілмектер: қазақ, кемшілік, мін, ауру Міржақып Дулатұлы

Тәуіптен ауырыңды жасырмағайсың.

Ілмектер: ауру, денсаулық, нақыл, афоризм Құтып

Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар.

Ілмектер: науқас, ауру, үміт Хадис шәриф

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)