Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (92) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.

Ілмектер: бала, ағайын Мөңке би

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туысқан, жақсы, жаман, көре алмаушылық Шалкиіз Тіленшіұлы

Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: туған, туыс, абысын, ағайын, ел Бұқар жырау

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы

Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,
Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.
Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,
Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы,
Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы.

Ілмектер: ағайын, жала, келіншек, қыз, бала, жаман Бұқар жырау

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

Ілмектер: туыс, ағайын, отбасы, жанұя

Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.

Ілмектер: ағайын, адал, дос, татулық Қазыбек Келдібекұлы

Жақсы болса іні — ортақ.

Ілмектер: іні, қанатты сөздер, нақыл, афоризм, ағайын-туыс туралы, ағайын Шернияз Жарылғасұлы

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы

«Ағайын» десе - шақ қарадық,
«Қайын» десе - жалт қарадық.

Ілмектер: ағайын, қайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Махмұд Қашқари Махмұд Қашқари

Іні — ағаның тынысы.

Ілмектер: іні, ағайын, аға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әйтеке би

Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: абысын, туыс, ағайын, ел, арыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)