Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (14)

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, мақтау Бауыржан Момышұлы

Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, Біреу, біз Наполеон Бонапарт

Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.

Ілмектер: адам, ақылды, дау Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Ілмектер: ақкөңіл, аңғал, ақылды Бауыржан Момышұлы

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді

Ілмектер: Ақылды, ақымақ, үйрену, үйрету Антон Чехов

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.

Ілмектер: әке, ақымақ, ақылды, жыл Марк Твен

Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, түзету Лев Толстой

Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.

Ілмектер: ақылды, адам Роберт Кийосаки

Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді

Ілмектер: су, ақылды, адам, өмір, тыныш Александр Пушкин

Ақылды адамдар ешқашан ренжімейді, олар нәтиже шығарады.

Ілмектер: ақыл, ақылды, адам, ренжу, нәтиже Агата Кристи

Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым.

Ілмектер: ақыл, ақылды, қарапайымдылық Жалаладдин Руми

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

Ілмектер: ақыл, ақылды, жауап Саиф Сараи

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қалау, ақылды, ақымақ, тілек Құтып

Ақылды - ойланып көрем дейді,
Ақылсыз - мен бәрін білем дейді.

Ақылды - сабырға салам дейді,
Ақылсыз - бұйырса алам дейді.

Ақылды - өз қатесін дұрыстайды,
Ақылсыз - өз қатесін дұрыс дейді.

Ілмектер: Ақылды, ақылсыз Нұрлыхан Сейтханов


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)