Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (34) Өлеңдер (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (2)

Бай болу үшін – кәсіп керек!

Ілмектер: бай, кәсіп Ахмет Байтұрсынұлы

Егер бай болу сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

Ілмектер: мақсат, бай, бай болу Джон Дэвисон Рокфеллер

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

Ілмектер: оқу, бай, кәсіп, жұмыс, бірлік, керек Ахмет Байтұрсынұлы

Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз.

Ілмектер: мақсат, бай Джон Дэвисон Рокфеллер

Әлем жұмыс істеуге қауқары жоқ, бірақ бай болғысы келетін жалқаулардан тұрады

Ілмектер: жұмыс, бай, жалқау Бернард Шоу

Кедейдің еңбегі — байдың кені.

Ілмектер: кедей, бай Джон Беллерс

Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын.

Ілмектер: соғыс, халық, бай Франсуа Вольтер

Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса.

Ілмектер: бай, заман, әділет, тағлым Жамбыл Жабаев

Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат.

Ілмектер: бай, кедей Ғабит Мүсірепов

Ханның бағы таярда -
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар;
Бидің бағы таярда -
Үлгілі сөзден айырылып,
Әркімнің мінін қазбалар;
Байдың бағы таярда -
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қоңсы қозғалар.

Ілмектер: қоғам, мемлекет, заман, бақ, бай, дұшпан Базар Оңдасұлы

Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.

Ілмектер: бай, пақыр, кедей Шерхан Мұртаза

Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ.

Ілмектер: бай, байлық Шернияз Жарылғасұлы

Бардан жарлы болғандар болар арлы.

Ілмектер: кедей, бай, жарлы, ар Шал Құлекеұлы

Бай болмаған бай болса - жайламаған сай қоймас,
Хан болмаған хан болса - жалмамаған тай қоймас.

Ілмектер: бай, хан Үмбетей Жырау

Білгенге - қиын емес кету байып.

Ілмектер: білім, бай, байлық Міржақып Дулатұлы

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.

Ілмектер: бай, адам, жүк Жүсіп Баласағұни

Бай малына мәз.

Ілмектер: бай, мал Қожа Ахмет Йассауи

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Егер елу ең бай еврейлік отбасынан ақшаларын тартып алса, соғыстар мен революциялар тыйылар еді.

Ілмектер: соғыс, революция, еврей, бай Генри Форд