Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (78) Әзіл, анекдоттар (1)

Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ.

Ілмектер: бай, байлық Шернияз Жарылғасұлы

Білгенге - қиын емес кету байып.

Ілмектер: білім, бай, байлық Міржақып Дулатұлы

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы

Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.

Ілмектер: байлық, еріншектік, өсиет, тәлім-тәрбие Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.

Ілмектер: байлық, кедейлік, тағдыр Иүгінеки Ахмед

Денсаулық туралы нақыл сөздер.

Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы.
М.Я.Мудеров.
Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.
Гиппократ.
Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.
Ибн-Сина.
Денсаулық-байлықтан қымбат.
Д.Рей.
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т.Карлейль.
Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
Т.Фуллер.

Ілмектер: денсаулық, гимнастика, жаттығу, байлық, дені сау, дерт Зекешева Лаззат

Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.

Ілмектер: жұмыс, уақыт, демалыс, есеп, байлық Дональд Трамп

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Ілмектер: қазақ, ақыл, байлық, билік Абай Құнанбайұлы

Бойдақта байлық болмайды.

Ілмектер: бойдақ, байлық, қырғыз мақалы

Бай болғаннан гөрі, ақылды болыңдар. Байлықтан айрылсаң да, ақыл өзіңде қалады.

Ілмектер: бай, ақыл, байлық Эзоп

Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық.

Ілмектер: еңбек, байлық Эзоп

Балаларыңа өздері таппаған байлықтың салмағын салып қажеті жоқ. Бұл олардың өміріне балта шабады.

Ілмектер: Дональд Трамп, бала, байлық, Өмір Дональд Трамп

Байлықты бөліспесең, оның еш мәні қалмайды.

Ілмектер: байлық, бөлісу Дэвид Рокфеллер

Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.

Ілмектер: байлық, тіл, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.

Ілмектер: мұрат, байлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.

Ілмектер: байлық, атақ, нақыл, афоризм Конфуций

Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.

Ілмектер: әлем, ерлік, байлық, рухани байлық, қанатты сөздер, нақыл, афоризм Әбіш Кекілбаев

Қадіріңді кетірме: ол - сенің таптырмас байлығың.

Ілмектер: қадір, байлық Саиф Сараи

Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.

Ілмектер: байлық, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Пікірлер