Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (13)

Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар

Ілмектер: арман, дана Анатоль Франс

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Ілмектер: ұлы, дана, данышпан Бауыржан Момышұлы

Тәжірибе де қателіктен жаралған,
Даналар да кері ағыстан нәр алған.

Ілмектер: тәжірибе, қателік, дана, нәр Александр Пушкин

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ілмектер: халық, жетім, дана, азамат, басшы Сырым Датұлы

Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы.

Ілмектер: мақал, Мақал-мәтел, мағына, қазақ, халық, ақын, дарын, дана Мұхтар Әуезов

Даналардың сабырлылығы - бар болғаны олардың өз сезімдерін жүрек түбінде жасыра білуі.

Ілмектер: дана, сабырлық, жүрек, сезім Франсуа де Ларошфуко

Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады.

Ілмектер: дана, данышпан, ел Олжас Сүлейменов

Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.

Ілмектер: жалқаулық, дана Шал Құлекеұлы

Даналық дегеніміз - шындық.

Ілмектер: шындық, дана Иоганн Вольфганг фон Гёте

Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түс­пек.

Ілмектер: патша, дана, дүние Платон

Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.

Ілмектер: дана, адамгершілік, қорқыныш, батыл Конфуций

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям

Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.

Ілмектер: жомарт, дана, даналық, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)