Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (25)

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Ілмектер: Мұрат, дос, дұшпан Бауыржан Момышұлы

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Ілмектер: дос, дұшпан Абай Құнанбайұлы

Ақылсыз достан,
Ақылды дұшпан артық-ты

Ілмектер: дос, ақыл, дұшпан Шалкиіз Тіленшіұлы

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Ілмектер: дұшпан, достық Саиф Сараи

Ханның бағы таярда -
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар;
Бидің бағы таярда -
Үлгілі сөзден айырылып,
Әркімнің мінін қазбалар;
Байдың бағы таярда -
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қоңсы қозғалар.

Ілмектер: қоғам, мемлекет, заман, бақ, бай, дұшпан Базар Оңдасұлы

Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.

Ілмектер: ер, тіл, дұшпан, ақылсыз Иүгінеки Ахмед

Мың досты көп демегейсің,
Бір дұшпанды аз демегейсің.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп Иүгінеки Ахмед

Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады.

Ілмектер: қуаныш, бөлісу, дос, дұшпан Михаил Литвак

Дос - зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде - дұшпан да дос.

Ілмектер: дос, дұшпан, дастархан Саиф Сараи

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Ілмектер: дос, қарым-қатынас, дұшпан, пайдалы Михаил Литвак

Өзіңіздің басты дұшпаныңызды білгіңіз келе ме? Айнаға қараңыз, соны жеңсеңіз, қалғандарын жеңу қиынға соқпайды.

Ілмектер: дұшпан, жеңу Михаил Литвак

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

Ілмектер: дос, дұшпан, қалам, кітап Жан-Жак Руссо

Тізесі бүгілген жау әлі де көтерілуі мүмкін; татуласқан дұшпан әбден жеңілген деуге болады.

Ілмектер: жау, дұшпан Фридрих Шиллер

Іші тар адам нақ бір өз дұшпанына қастық қылғандай, өзін-өзі кейістікке ұшыратады.

Ілмектер: көре алмаушылық, дұшпан, қастық, іші тар адам Демокрит

Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан.

Ілмектер: дос, дұшпан Шота Руставели

Ер жігітке бақ қонса — дұшпаны да жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса — жабылып бәрі табылар.

Ілмектер: бақ, дұшпан, Тоқсан би Жабайұлы Тоқсан би

Өткел өтсең бұрын өт, арты болар көк тайғақ.
Жауға шапсаң көппен шап, дұшпаныңа ол да айбат.

Ілмектер: дұшпан, нақыл сөз, ұлағат Жабайұлы Тоқсан би

Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар.

Ілмектер: дұшпан, ер Күлтегін

Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас.

Ілмектер: дұшпан, қарындас, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Қасыңның қасына да сыр ашпа.

Ілмектер: дұшпан, қас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)