Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (344) Ұлағатты сөздер (54)

Ердің туы – намыс

Ілмектер: ер, намыс Бауыржан Момышұлы

Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

Ілмектер: ер, әйел, адамгершілік Шыңғыс хан

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

Ілмектер: нағыз, ер, дүние, мал Білге қаған

Ермін деген жігітті,
Кеңшілікте сынама.

Ілмектер: сынау, ер Махамбет Өтемісұлы

Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.

Ілмектер: азамат, ер, қамшы Кенен Әзірбаев

Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.

Ілмектер: ел, ер Жамбыл Жабаев

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.

Ілмектер: ер, әйел, бала, пессимист, ұйқы Наполеон Бонапарт

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

Ілмектер: әйел, ер, бақ Жамбыл Жабаев

Елдің серті — ер серті.

Ілмектер: ел, ант, серт, ер Жамбыл Жабаев

Жігерлі болса - ер болар.

Ілмектер: жігер, ер Жамбыл Жабаев

Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.

Ілмектер: адамгершілік, ер Иүгінеки Ахмед

Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.

Ілмектер: ер, тіл, дұшпан, ақылсыз Иүгінеки Ахмед

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

Ілмектер: жұрт, қазақ, ер, халық Әлихан Бөкейханов

Сын сағаттарда қоғам мүддесі үшін жасалуға тиістіні жасайтын адам - нағыз ер.

Ілмектер: қоғам, адам, ер, ерлік Юлиус Фучик

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.

Ілмектер: туған жер, ер

Білім - ердің дәулеті.

Ілмектер: білім, ер, дәулет Саиф Сараи

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы

Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді.

Ілмектер: әйел, ер, жұбаныш, шешім Агата Кристи

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)