Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ.

Ілмектер: еңбек, мейірім Сәбит Мұқанов

Адал еңбек ердің досы,
Бақ іздеудің жолы осы.

Ілмектер: адалдық, еңбек, бақ Кенен Әзірбаев

Еңбек үстінде тек жұмысшы адам ғана тәрбиеленбейді, сондай-ақ жолдастық қалыптасады, яғни басқа адамдармен екі арада дұрыс қарым-қатынаста тәрбиеленеді.

Ілмектер: еңбек, тәрбие, жолдас Антон Макаренко

Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан,
Бір күн артық ел үшін еңбектенген.

Ілмектер: ел, еңбек Баубек Бұлқышев

Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты ие береді, ие береді.

Ілмектер: еңбек, ана Ғабиден Мұстафин

Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі.

Ілмектер: еңбек, үйрену Демокрит

Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: еңбек, ырыс Ыбырай Жақаев

Режим мен еңбек — денсаулықтың кепілі.

Ілмектер: режим, еңбек, денсаулық Павлов Иван Петрович

Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саади Ширази

Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

Ілмектер: еңбек, дәулет Абай Құнанбайұлы

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Ілмектер: тілек, еңбек, ой Бауыржан Момышұлы

Жақсы ұйымдастырылған еңбектен ғана бала еңбек етудің қуанышын сезеді.

Ілмектер: еңбек, бала Антон Макаренко

Өзі үшін әрекеттенген азап шегеді. Өзгелер үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына да ортақтасады.

Ілмектер: еңбек, қуаныш, азап Иоганн Вольфганг фон Гёте

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.

Ілмектер: сана, еңбек, бақыт Константин Ушинский

Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық.

Ілмектер: еңбек, байлық Эзоп

Адам үшін ең алтын қазына — еңбек ете білу.

Ілмектер: адам, еңбек, қазына Эзоп

Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.

Ілмектер: еңбек, өмір, бақыт Константин Ушинский

Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек.

Ілмектер: білім, еңбек, жалқаулық Кей-Кавус

Саналы әрі еркін еңбек қана адамды бақытпен жарылқайды.

Ілмектер: еңбек, бақыт Константин Ушинский

Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.

Ілмектер: алтын, күміс, еңбек Махатма Ганди