Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (15)

Жазушының бір ғана қабілеті бар. Ол өмірдегі шындықты көзімен көріп, оны нағыз шебердей суреттейді. Қалғандары екіжүзді адамның тірлігі ғана.

Ілмектер: жазушы, өмір Ги де Мопассан

Мен өз жұмысымда сөз жоқ, Совет жазушыларының тәжірибесін пайдаландым.

Ілмектер: жазушы, тәжірибе Мұхтар Әуезов

Айналамызда ерекше заттар көп. Бірақ жазушылар бізге қарапайым, күнделікті өмірдегі оқиғаларды айтады.

Ілмектер: ерекшелік, жазушы, өмір Габриэль Гарсиа Маркес

Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс.

Ілмектер: жазушы, ой, жазу Эрнест Хемингуэй

Жазуды жаңадан бастаған жазушы әңгіме рахатын өзі алады, ал оқушылар тарабы еш нәрсе иемденбейді.

Ілмектер: жазушы, әңгіме Эрнест Хемингуэй

Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Ілмектер: жазушы, сия, қан Бауыржан Момышұлы

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Ілмектер: идея, өнер, оқушы, жазушы Асқар Сүлейменов

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Ілмектер: жаңалық, ғылым, жазу, жазушы Әбіш Кекілбаев

Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді.

Ілмектер: жазушы Қадыр Мырза Әли

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Ілмектер: сөз, сын, жазушы, сыншы Ахмет Байтұрсынұлы

Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады.

Ілмектер: жазушы, стиль Асқар Сүлейменов

Тек жамандық пен жәбірді жинай берген адам жазушы бола алмайды.

Ілмектер: жамандық, жазушы Ғабит Мүсірепов

Жазушы еңбегі, түптеп келгенде, санмен емес, сапамен өлшенеді.

Ілмектер: сапа, жазушы, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ескірген еңбекті жұрттан бұрын жазушының өзі сезуге тиіс.

Ілмектер: жазушы, еңбек Ғабит Мүсірепов

Жақсы адам жаман жазушы болуы мүмкін, бірақ жаман адам жақсы жазушы бола алмайды.

Ілмектер: жазушы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Мағауин


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)