Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (7) Әзіл, анекдоттар (1)

Бұл әлем жұмыс істемей ақша тапқысы келетін жалқаулар мен жұмыс істеп бірақ бай болғысы келмейтін ақымақтардан тұрады.

Ілмектер: жалқау, ақша, баю Бернард Шоу

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.

Ілмектер: Жаман, жолдас, жалқау Жамбыл Жабаев

Әлем жұмыс істеуге қауқары жоқ, бірақ бай болғысы келетін жалқаулардан тұрады

Ілмектер: жұмыс, бай, жалқау Бернард Шоу

Еріншекке есік те асу көрінер.
Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Ілмектер: еріншек, жалқау Махмұд Қашқари

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.

Ілмектер: дауыл, жауын, жалқау Майқы би

Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

Ілмектер: жалқау, тілазар, мылжың Майқы би

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер