Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (41)

Жастық шақ — ең үлкен сиқыршы.

Ілмектер: жастық шақ, сиқыршы Александр Пушкин

Мен сізді жас деп айтпағаныма ренжімеңіз. Себебі жастық шақ – ең тез өтіп кететін кез.

Ілмектер: жастық, жастық шақ Агата Кристи

Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық Махмұд Қашқари

Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.

Ілмектер: қарттық, қартаю, жас, жастық шақ Майқы би

Қайран жастық! Жастық!.. Бәлкім сенің ғажаптығың бәрін де тындыра аламын деп ойлау мүмкіндігіңде болар-ау.

Ілмектер: жастық шақ, ғажап Иван Тургенев

Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде — кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде — торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң – баланың баласына қор болғамын.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік Шал Құлекеұлы

Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт — тыныш өмір кешеді.

Ілмектер: жастық шақ, қайрат Жүсіп Баласағұни

Жастық шақ қазіргісін ғана ойласа, кемел жас бүгінгісін де, бұрынғысын да, болашағын да елеусіз қалдырмайды.

Ілмектер: жастық шақ, болашақ, бүгін Фернандо де Рохас

Жастық кез— толассыз елту, ақыл-ой безгегі.

Ілмектер: жастық шақ Франсуа де Ларошфуко

Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.

Ілмектер: жастық шақ, қателік, қорқыныш, қорқу Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім "Аһ" ұрады.

Ілмектер: жастық шақ, өкініш Сенека

Жастық шақ — ерлік жасар кезең.

Ілмектер: жастық шақ, ерлік Мари-Анри Бейль Стендаль

Жастық — жиһандағы ұлы тылсым.

Ілмектер: жастық шақ Александр Пушкин

Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі.

Ілмектер: жастық шақ Сәбит Мұқанов

Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.

Ілмектер: жастық шақ Ғабиден Мұстафин

Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.

Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский

Мен жас кезімде революцияшыл болдым. Ақыл тоқтатып, ақ пен қараны ажырата алатын шақта консерватор болуға бекіндім.

Ілмектер: жастық шақ, революция, консерватор, ақыл Уинстон Черчилль

Жастық шақ - әсем зат, оны жастардың оңды-солды шашуы қылмыс.

Ілмектер: жастық шақ Бернард Шоу

Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, өнер Ғабит Мүсірепов

Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.

Ілмектер: жастық шақ, сұлулық Ғабит Мүсірепов