Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.
Ілмектер: жат, бала, ішу, жеу Қорқыт ата
Жеріңді жат баспағай.
Ілмектер: жат, өсиет, тағлым Тоныкөк
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін.
Ілмектер: жат, бірлік Бұқар жырау
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.
Ілмектер: ана тілі, қате, жат, сөйлеу Халел Досмұхамедұлы
Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.
Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер
- Лев Толстой
- Бауст
- Мұратхан Шоқан
- Брюс Ли
- Дейл Карнеги