Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (10) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (41) Ұлағатты сөздер (31)

Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.

Ілмектер: адам, жақсылық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Ілмектер: жамандау, жақсылық, адам Әзілхан Нұршайықов

Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.

Ілмектер: жақсылық, құдай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе!

Ілмектер: жақсылық, әдептілік Сәбит Мұқанов

Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.

Ілмектер: жақсылық, есту, көру, керең, соқыр Марк Твен

Жақсылық - ұмыт, жаңылыс - кек.

Ілмектер: жақсылық, жаңылыс, кек Абай Құнанбайұлы

Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.

Ілмектер: сабыр, жақсылық, үміт Иүгінеки Ахмед

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Ілмектер: дос, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да - жауапсыз қалмайды.

Ілмектер: жамандық, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.

Ілмектер: жақсылық, күту, алғыс Александр Куприн

Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады.

Ілмектер: жақсылық, оңаша Михаил Литвак

Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз-түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл, мейірімді адамдарды жолықтыр деп тілеймін.

Ілмектер: адам, қабілет, жақсылық, жамандық, адал, ақкөңіл, мейірім Сергей Довлатов

Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.

Ілмектер: жақсылық, сөз, адам Сенека

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.

Ілмектер: жақсылық, үлгі, уағыз Сенека

Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.

Ілмектер: адам, жақсылық, нәтиже Иоганн Вольфганг фон Гёте

Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.

Ілмектер: жақсылық, жақсылық туралы, нақыл сөз Мұхтар Әуезов

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, ер, кісі Мұхтар Әуезов

Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.

Ілмектер: адам, сұрақ, ғылым, ақыл, жақсылық Ариф Ривагари

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.

Ілмектер: Жақсылық, мектеп, бақыт Ян Амос Коменский

Тәкаппарлық көптеген жақсылықтарға тосқауыл болады.

Ілмектер: тәкаппарлық, тосқауыл, Жақсылық Әли Самарқанди