Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (47) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (120) Ұлағатты сөздер (63) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Ілмектер: ақыл, дұрыс, жол Бауыржан Момышұлы

Әділ жол мақсатқа жеткізеді.

Ілмектер: жол, мақсат Саиф Сараи

Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды.

Ілмектер: жоспар, жол Конфуций

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

Ілмектер: қайғы, дауа, жол, шаршау, сая Қожа Ахмет Йассауи

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.

Ілмектер: тәуелсіздік, жол Нұрсұлтан Назарбаев

Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер.

Ілмектер: қоғам, заман, арам, жол Иүгінеки Ахмед

Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.

Ілмектер: кемшілік, қиындық, сәттілік, жол, қадам Томас Эдисон

Адамдардың көбісі ауыр мәселенің шешімі жоқ деп ойлайды. Алайда барлық жерден шығатын жол бар екенін ұмытпаңыздар.

Ілмектер: адам, шешім, жол Сергей Довлатов

Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі.

Ілмектер: тіл, халық, жол, ғұмыр, тарих, куәгер Сарсен Аманжолов

Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым.

Ілмектер: жол, мақсат Мұхаммед Әли

Ойын-тойсыз өмір — аялдайтын бекеті жоқ ұзақ жол сияқты.

Ілмектер: ойын, той, жол, бекет Демокрит

Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.

Ілмектер: Ресей, жол, бағыт Наполеон Бонапарт

Жершіл жігіт жол табар.

Ілмектер: жол Тоныкөк

Белгісі болса – жолдан жаңылмас,
Білімі болса – сөзден жаңылмас.

Ілмектер: жол, білім, нақыл, афоризм Махмұд Қашқари

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.

Ілмектер: Алла, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді.

Ілмектер: қадам, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стив Джобс

Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.

Ілмектер: сәттілік, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Барак Обама

Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі.

Ілмектер: пәле, шын, шындық, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз ─ ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз.

Ілмектер: Бәсеке, қиын, жол, бәсекелестік Шарль де Голль

Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.

Ілмектер: ата-ана, ақыл, жол Дулат Бабатайұлы